Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыны жаппаймыз – әкім Сағынтаев

kolesa.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2021 14:36 kolesa.kz
Егер коронавирус өрши түсіп, жағдай бақылаудан тыс қалса, толық локдаун орын алуы әбден мүмкін.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев карантин шаралары эпидемиологиялық ахуалды жақсартуға септігін тигізетінін жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Қала әкімі жергілікті тұрғындардың сұрақтарына жауап беру барысында 12 сәуірге дейін қабылданған карантиндік шаралар кәсіпкерлермен тыңғылықты талқыланып жатқанын және эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

– Ең бастысы жұмысына адал кәсіпкерлер карантиндік шектеулерге түсіністік танытуда. Егер қаламызда коронавирус өрши түсіп, жағдай бақылаудан тыс қалса, толық локдаун орын алуы әбден мүмкін. Алайда қазіргі таңда қаланы толықтай жабу көзделмеген, – дей келе Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлер қауымын карантин режимін бұзбауға және жаппай іс-шаралар өткізбеуге шақырды.

Сондай-ақ, Алматы әкімі қоймаларда, дәріханалар мен стационарларда дәрілік препараттардың жеткілікті қоры бар екенін хабарлады.

Құрылған Тұрақтандыру қоры шеңберінде фармацевтикалық компаниялар 68 атау бойынша 48 млн-нан астам дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырды. 28 млн-ға жуық дәрі атаулары Алматы қаласының дәріханаларына жеткізілді және қоймаларда 20 млн-ға жуық препараттар бар, олардың 8 млн азаймайтын қалдықты құрайды. Осылайша, қалада екі айлық ковидке қарсы препараттардың қоры құрылды.

Қаланың аудандық әкімдіктері КВИ емдеу хаттамасына кіретін 24 негізгі атау бойынша қаланың 375 дәріханасында дәрілік заттардың табылуына жүйелі түрде мониторинг жүргізуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: