Футболдан Қазақстан құрамасынан коронавирус анықталды
ҚФФ
Енді кімнің оқшаулануға кететіні мен Киевке кімдердің ұшатыны белгісіз
Футболдан Қазақстан құрамасы штабындағы бірнеше адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы телеграм-каналында журналист Айдын Қожахмет жазды.
Оның дерегінше, бірнеше ойыншы коронавирус жұқтырған мамандармен қатынаста болған.
– Қазақстан құрамасы штабындағы бірнеше адам коронавирус жұқтырды. Нақты айтқанда бапкер Сергей Калюбин мен команданың администраторы Максим Шауберттің жұқтырғаны расталды. Енді кімнің оқшаулануға кететіні мен Киевке кімдердің ұшатыны белгісіз. Науқастармен бапкерлер штабының басқа мүшелері де, команда персоналы, тіпті ойыншылар да қатынаста болған, – деп жазады Қожахмет.
Украинаға қарсы ойын 31 наурыздан 1 сәуірге қараған түні Нұр-Сұлтан уақытымен 00:45-те Киевте өтуі тиіс.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript