Жаңалықтар тізбегі
0

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2021 02:18 primeminister.kz
Әділбек Сәрсембаев 1978 жылы Целиноград қаласында (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) дүниеге келген.

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Сәрсембаев Әділбек Зейнуллаұлы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әділбек Сәрсембаев 1978 жылы Целиноград қаласында (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын юриспруденция мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы ҚР ҚМ Салық инспекциясының жеке тұлғалардың кірістеріне салық салу бөлімінің салық инспекторы болып бастады.

2001 жылдан 2006 жылға дейін Астана қаласы әкімінің аппаратында, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде түрлі басшылық қызметтер атқарды.

2006 жылы ҚР Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы болып тағайындалды.

2007-2009 жж. — Петропавл қаласы әкімінің бірінші орынбасары, СҚО әкімі аппаратының басшысы. Бір жылдары жеке құрылымдарда жұмыс істеді.

2010-2014 жж. — "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ басқарушы директоры, вице-президенті, "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2015 жылдан 2016 жыл аралығында "Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ басшысы болып жұмыс істеді.

2016 жылдан 2020 жыл аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Алматы ауданының әкімі қызметін атқарды. 2020 жылғы мамырдан қазіргі уақытқа дейін "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болды.

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Талғат Жеңісұлы Жанжүменов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды.

Талғат Жанжүменов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Ленин комсомолы атындағы Вольское жоғары әскери тыл училищесін, РФ ҚК Тыл және көлік әскери академиясын, РФ ҚК Бас штабының Әскери академиясын бітірген.

Еңбек жолын ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызметте бастаған.

2019 жылы цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметін атқарды. 2019 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: