ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Руслан Кеңесарыұлы Сәкеев Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі лауазымына тағайындалды.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Руслан Сәкеев 1978 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік заң университетін, Қарағанды "Болашақ" өзекті білім беру институтын бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Қазақ гуманитарлық заң университеті филиалының оқытушысы болып бастаған.
1999-2003 жылдары Қазақ гуманитарлық заң университетінде түрлі қызметтер атқарды. 2003 жылы Парламент Сенаты депутатының көмекшісі болды.
2003-2005 жылдары Қарағанды облысының Ішкі саясат департаментінде түрлі лауазымдарды атқарды.
2005-2006 жылдары – Қарағанды облысы әкімі аппаратының әлеуметтік бағдарламалар мен адами факторларды талдау және мониторинг бөлімінің меңгерушісі.
2006-2007 жылдары – ҚР ӘМ Дін істері комитетінің сараптама және тіркеу басқармасы басшысының орынбасары. Әр жылдары жеке секторда жұмыс істеген.
2014-2015 жылдары – ҚР БҒМ "Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту" жобасын басқару тобы жобасының жетекшісі.
2017-2019 жылдары – Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі; әкім орынбасары.
2019 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – "Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы" КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2020 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылған "BIRGEMIZ" ҚҚ басқарма төрағасы болды.