Руслан Сәкеев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды

Руслан Сәкеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2022 12:39 Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Руслан Сәкеев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Руслан Сәкеев 1978 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң университетін, Қарағанды ​​«Болашақ» заманауи білім беру институтын бітірген.

Еңбек жолын Қазақ гуманитарлық заң университетінде бастаған.

  • 2003-2005 жж Қарағанды ​​облысы әкімінің аппаратында түрлі қызметтерді атқарды.

  • 2017-2019 жж – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

  • 2019-2021 жылдары - «Н.Назарбаев конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығы» ҰӘҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

  • 2020-2021 жылдары «БІРГЕМІЗ» ҚҚ Басқарма төрағасы болды.

  • 2021 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып жұмыс істеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: