Назарбаев Түркі кеңесінің болашағына қатысты құжат қабылдауды ұсынды
nurmedia.kz
Елбасы гуманитарлық және мәдени дамумен қатар елдер бір-бірінен көп нәрсеге үйрене алатынын айтты.
Түркі кеңесінің болашағына қатысты құжат қабылдау қажет, - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (ТМЫК) саммитінде, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Менің бірінші ұсынысым: біз әрі қарай дамып, Түркі кеңесінің болашағына қатысты құжат қабылдауымыз керек. Бакуде өткен саммитте түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің деңгейін Ұйым деңгейіне көтеруді ұсынған едім, - деді Назарбаев.
Ол гуманитарлық және мәдени дамумен қатар елдер бір-бірінен көп нәрсеге үйрене алатынын айтты.
Латын әліпбиін қолдану бізге ортақ жүйені ұсынады, сол арқылы біз жастарымыздың әлемдік деңгейде дамуына өз үлесімізді қоса аламыз. Біз үшін бірге даму маңызды, - деді Елбасы.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript