Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді ұлғайтуды жалғастырады

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2021 15:49 pixabay.com
Қазақстан үшін міндеттемелер мамырда тәулігіне 1,463 млн баррельді құрайды.

1 сәуірде ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін мамырда тәулігіне 350 мың баррельге, маусымда тәулігіне 350 мың баррельге және шілдеде тәулігіне 450 мың баррельге ұжымдық ұлғайту туралы шешім қабылданды.

Осылайша, ОПЕК+ шеңберіндегі Қазақстан үшін міндеттемелер мамырда тәулігіне 1,463 млн баррельді, маусымда тәулігіне 1,469 млн баррельді және шілдеде тәулігіне 1,475 млн. баррельді құрайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: