Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша консенсусты қолдады 

Cung Cầu, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2020 14:43 Cung Cầu
ОПЕК+ елдерінің жалпы шектеуі 2021 жылдың қаңтарында негізгі деңгейден тәулігіне 7,2 млн баррельді құрайды.

3 желтоқсанда видеоконференция форматында ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрліктерінің кездесуі өтті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ОПЕК+ кездесуінде Қазақстан тарапын Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев таныстырды.


Ноғаевтың айтуынша, ОПЕК+ келісімі әлемдік мұнай индустриясына оң ықпалын тигізеді, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін сақтап, мұнай мен мұнай өнімдерінің нарығын тұрақтандырады.


Кездесудің нәтижесінде 2021 жылдың қаңтар айында мұнай ұсынысын ОПЕК + елдерінің жалпы өндіру көлемінен тәулігіне 500 мың.баррельге арттыру туралы шешім қабылданды.


ОПЕК+ елдерінің жалпы шектеуі 2021 жылдың қаңтарында негізгі деңгейден тәулігіне 7,2 млн баррельді құрайды.


Қазақстан үшін шектеу деңгейі 2021 жылдың қаңтарында тәулігіне 1,417 млн. баррельді құрайды.


Сонымен қатар 2021 жылдың қаңтар айынан бастап қатысушы елдер мұнай нарығындағы ағымдағы жағдайды бақылау және бұдан әрі шектеудің деңгейін анықтау үшін министрліктердің кездесуін ай сайын өткізу туралы келісті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: