Түркіменстан халқының жағдайы тым нашарлап барады
Түркіменстанның жағдайына қатысты бірқатар ақпараттар бере кетсем. Осы аптада оқыған жаңалықтардан түсінгенім мынау, дейді желіде Асхат Қасенғали.
1. Елдің жағдайы күн сайын нашарлап барады. Айырбас жүйесі кеңею үстінде. Мысалы "сен маған сүт бер, мен саған нан беремін" дегендей. Бұл тоқырау жылдарында болып еді. Жалпы әлем қағаз ақшадан бас тартып, цифрлы қаржылық аударымға көшіп жатыр. Ал айырбас жүйесі орта ғасырлық тәжірибе.
2. Шекарада талибтерден сақтанған халық, ел ішіне қарай көшуді жалғастыруда. Шекара маңында "белгісіз жағдайда" қаза тапқан сарбаздар азаяр емес. "Ел үкіметі талибтер басып кірмесін деп ақша төлеп отыруы мүмкін" дейді кей сарапшылар.
3. Жұмыссыздық салдарынан суицид саны артқан. Алдында ғана жас келіншектің өзін өртеп жіберуі біраз талқыланып еді. Марқұм екі жыл жұмыс таба алмапты.
4. Ресми Түркіменстанда вирус жоқ, бірақ карантиндік шектеулер бар. Билік ол шектеулерді не үшін енгізгенін айтпады. Вирустан көз жұмушылар саны артуда, бірақ ол тіркелмейді. Вакцина егу басталды (вирус жоқ дейді, вакцина егуде).
5. Өзбекстандағы Қарақалпақстанға өтіп кетпек болған жайттар тіркелген. Қарақалпақстанның жағдайы нашар, ал Түркіменстанда тіпті нашар деген сөз ғой.
6. Түркімен билігі көшеде нашар киім киюге бейресми тыйым салған. Нашар киініп жүрсең ұстап алып, күштеп жұмысқа салып қоюы мүмкін. "Сырттан келгендер не айтар" дегеннен туған тупизм болса керек.
7. Осының барлығына қарамастан түркменатордың кезекті әні шықты.