Жаңалықтар тізбегі
0

Ақылы жолдарда соғыс ардагерлеріне жеңілдіктер жасалуы мүмкін

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2021 20:59 Сурет: zakon.kz
Ақылы жолдарды пайдаланудың жеңілдіктерін кеңейту жоспарлануда.

Былтыр ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ақылы жол учаскелерінде жеңілдікпен жүруге түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасына бастамашы болды. Құжат жеңілдік берілген адамдар тізімін ұлғайтуды діттейді.

Осылайша, республикалық маңызы бар жолдардағы ақылы учаскелермен жеңілдікпен жүретіндердің қатарына ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларды қосу көзделуде. Қазір заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінде қарастырылып жатыр.

Бүгінде ақылы жолға іргелес елдімекендерде тұратын пайдаланушылардың бір ауданның шегіне өту үшін 1000 теңгені құрайтын жылдық тарифты қолдануға мүмкіндігі бар.

Жолаушыларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар, ақылы жолға іргелес аудандардағы автобустар, жедел медициналық көмек қызметтері, өрт сөндіру және төтенше жағдайлар қызметтері, патрульдік полиция мен әскери техникалар тарифтерден босатылған.

Естеріңізге сала кетейік, биыл ұзындығы 5,8 мың шақырым жолды ақылы ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл келесідей жол учаскелері: "Шымкент – Өзбекстан шекарасы", "Орал – РФ шекарасы (Саратов)", "Орал – РФ шекарасы (Самара)", "РФ шекарасы (Оренбург) – Ақтөбе", "Щучинск – Петропавл", "Қостанай – РФ шекарасы (Троицк)", "Шымкент – Қызылорда", "Шымкент – Тараз", "Тараз – Қайнар", "Қапшағай – Талдықорған", "Атырау – Бейнеу – Өзбекстан шекарасы", "Қарабұтақ – Қызылорда", "Ақтөбе – Орал", "Ақтау – Бейнеу", "Нұр-Сұлтан – Қостанай", "Павлодар – РФ шекарасы (Омбы)", "Нұр-Сұлтан – Павлодар", "Павлодар – Семей – Қалбатау".

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: