Жаңалықтар тізбегі
0

АЭС салайық дер ме екен? Лавров Қазақстанға не үшін келе жатыр 

Reuters, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2021 15:13 Reuters
Батысқа қарсы күресте РФ жападан-жалғыз қалды.

РФ СІМ Лавров Қазақстанға келеді деп жатыр. Не үшін? Оны түсіну үшін оның осының алдында Қытайға барып келген сапарын талдап көрелік, деп жазады желіде қазақ сарапшысы Қуаныш Еділхантегі.

Әрине, масштаб тең емес – Қытай ядролық қаруы бар супердержава қатарында және БҰҰ тұрақты мүшесі, ал Қазақстан... басшысы қайта-қайта әлемдік деңгейдегі ұсыныстарымен жұрттың басын қатырып, тіпті кейбіреулердің кекесін-мысқылына қалып басқаларға мазақ болып жүргенін өзі де түсінбейтін, Орталық Азиядағы қатардағы мемлекеттердің бірі ғана. Соған қарамастан кейбір нәрселер ойға оралады.

Лавровтың Қытайға сапары өте сәтсіз аяқталған. Ресейге бола Қытай Батыс елдерімен жаманаттаспайды. Әлемдік экономикадағы үлесі 1.5 %-ті құрайтын РФ үшін біреумен шекісіп қайтеді? Лавровтың Қытаймен бірлесіп Батысқа санкция салсақ қайтеді деген ұсынысы да өтпей қалған. Салса Қытай өзі салады, бірақ РФ-мен бірлесіп емес. Сондықтан да әшейінде біз де симметриялы түрде санкция саламыз деп гуілдеп жататын РФ БАҚ-тары үнсіз қалды, соңғы санкцияға тіпті жауап қатуға да шамалары келмеді.

Қытай Ресейге бола доллардан бас тартпайды және Батыстық төлем системасын қолдана береді (SWIFT). Қытай тіпті РФ-мен қандай да болсын, одақ құрудан (оның ішінде әскери де) бас тартты.

Батысқа қарсы күресте сөйтіп РФ жападан-жалғыз қалды. Қытай сенімдерін ақтамады. Енді қайтпек керек?

Бұл енді ЕАЭО аясында біздерді өз істеріне араластырмақ па деген ой келеді. Мысалы сіздер де доллардан бас тартыңыздар десе? Немесе SWIFT-тен бас тартыңыздар деуі мүмкін-ау? Санкция жөнінде түсінікті болды – біз түгілі РФ өздері де санкция салуға шамалары жететін емес. Толық тәуелді болып отырып санкция біздің не теңіміз? Доллар да, SWIFT те солай. Енді не қалды? Әскери одақ. ОДКБ аясында Украинаға қарсы соғыста бізге жақтас деуі мүмкін делік. Бұл тіпті мүмкін емес нәрсе, себебі Украина ешкімге агрессия жасағалы отырған жоқ. Агрессор сол РФ-ның өзі. Ендеше ОДКБ Жарғысы бойынша біздің Украинада не жұмысымыз бар? Дәл Қарабақтағы сияқты жағдай ғой – онда әрмендер біздерді сол соғысқа тартқысы келді, бірақ болмады. Мына жағдайда да болмауы керек. Енді не қалды? Қалай да АЭС сал демесе.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: