Жаңалықтар тізбегі
0

"Рухани жаңғыру" институтына жаңа төраға тағайындалды

баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2021 22:32 баспасөз қызметі
Ол – Асылбек Есенбаев.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Асылбек Есімқанұлы Есенбаев "Рухани жаңғыру" Қазақстандық қоғамдық даму институты" КеАҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Асылбек Есенбаев – білімі бойынша экономист, 1998 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді.

Саяси ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Қазақстанның Даму институтында ғылыми қызметкер ретінде бастаған. "Стратегия" талдау орталығы, ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты секілді ғылыми-зерттеу құрылымдарында жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде қызмет жасады. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде басқарма басшысы болып қызмет атқарды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: