ҚР Президенті Әкімшілігіне қарасты бөлім меңгерушісі жаңадан тағайындалды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2021 18:40 Ақорда
Қанатбек Жайсанбаев бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Қанатбек Жайсанбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", делінген Ақорда сайтында.

Қанатбек Жайсанбаев бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарған. Ол 1980 жылы 8 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: