Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылық келіншек өзін жын мазалап жүргенін айтты

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2021 22:57 видеодан кадр
Жынмен жыныстық қатынас.

Айтудың өзі ауыр, бірақ басына түскен ауыртпалықты айтып, арнамызға жүгінген Аяла есімді келіншектің жанайқайын жерге тастай алмадық. Айтуынша әлдеқандай тылсым күш, адам бейнесінде келіп, оған қол салады екен. Және бұл түсі емес, өңінде болатын жағдай екен. Азаматшаның айтқаны рас болса әлгі беймәлім бейне күні бүгінге дейін оған маза бермей келеді.

Аяланың айтқандарын жеткізіп білетін мамандардан сұрадық. Дін өкілі, психолог мамандар, медиктер. Әртүрлі себеп, пайым, пікір. Ақиқат біреу. Келіншекке емделу керек, көмек қажет. Сонымен Аялаға аяусыз қол салып жүрген жын ба, елде елес пе, бәлки басқа дүние ме? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Оларды бар дейді. Ешбір дін оларды жоққа шығармайды. Қазекем де, аты жаман деп айтуға сескенеді. Рухы әлсіз адамдарды торуылдайды дейді. Біздің кейіпкерімізге де ол түнде келген.

Келген де қойнына кірген.

Аяла Әмірханова:

Ұйықтап жатқан кезде адам оянып кеткен сияқты боласың да, түсініксіз и жаңағы бір тылсым күш келеді де үстіңді басады. Ол мені қылқындырды да аяғымнан сүйреп. Мен басында ойлайтын едім, не болып жатыр деп түсінбейтін едім. Ал бірақ оның қылқындырып жатқанын, демалып тұрғанын соның бәрін сезетінмін.

Аяла Әмірхановаға аямай әмірін жүргізіп отырған әлдеқандай күш бар. 3 жылға жуықтады, артынан бір елі қалмапты. Байқасаңыз жанарында от жоқ..

Аяла Әмірханова:

Басқа үйге қонаққа барсам да келіп сондай болып тұратын. Түнгі уақытта келетін именно, аяқтан сүйреп, көтеріп жатқан сияқты, одан қалса басында шешіндіргісі келетін сияқты болатын.

Бір ғана Аяла емес, тақілеттес оқиға тым көп. Мамандардың пікірі әрқилы. Психолог ол галюцинация дейді.

Нұргүл Даубаева, психолог:

Көбінесе адамның өмірінде стресстік жағдайлардың салдарынан көп ұзақ мерзім ұйықтамаған болса, бір айдың көлемінде, немесе кеш жатып ерте тұрып кететін ағзаның тәннің шаршауы салдарынан да туындайды.

Психотерапевтің де айтуынша, Аяланың күнде көріп жүргені - елес, емделмесе бағынбайды еш белес.

Алмагүл Айтжанова, психиатр-дәрігер:

Өмірінде бір қиыншылық болып, тағдырына тиген қайғы-қасірет болатын болса, біреуінен айырылған болатын болса, сол кісілер келуі мүмкін.

Галлюцинацияның бірнеше түрі бар. Әрі, шығу салдары мен себептері әр келкі. Абайсызда тайып құлап, зақым келген болса немесе.

Нұргүл Даубаева, психолог:

Балалар 5 жасқа дейін қиял-әлемінде өмір сүреді. 6 жастан кейін сана қалыптасып бастайды. Бір арумен жұмыс істеген кезде, аяғымен дыбыс ести береді. Оказывается бала күнінде көп қорқытқан екен оны. Қазір сені бабай келіп алып кетеді, сені бүйтіп кетеді.

Яғни бала күннен қалған жарақат есейгенде елес болып қайта келеді. Ал дініміз зәресін алып жүрген - жындар деп отыр.

Данияр Байдуллаев, имам:

Негізі ол келу рас. Жындар ол шайтандар бар. Бірақ олардың жаратылыстары бізден өзгеше. Олар от пен түтіннен, біз топырақтан жаралған. Сол себепті, жын мен адамның ортасында шын мәнінде физикалық қатынас болуы мүмкін емес. Шайтан адамның бойын емес, ойын билейді. Біз секілді ұрмайды, соқпайды, көгертпейді олар, адам санасымен ойнап, зиян беруге тырысады. Жел секілді олар. Адамға былай тікелей физический зиян бере алмайды олар. Тек қана адам санасымен ойнайды. Адам көзіне елестейді, әр түрлі дыбыстар сыбырлауы мүмкін.

Аяла Әмірханова:

Бұрын күйеуім жанымнан тұрып кетсе бір бес минутқа дәретханаға шығады ғой, ол уже келіп мені басып тұратын ғой уже, қылқындырып солай болатын.

Яғни Аяланың айтып тұрғаны санасындағы арпалыс.

Данияр Байдуллаев, имам:

Ер адам болса әйел бейнесінде келеді, сұлу әйел, қыз болса, сұлу жігіт бейнесінде келеді. Түсінде екеуінің арасында қарым-қатынас болады. бірақ тікелей келіп оны ер адам мен әйел адам қосылатындай қосылмайды олар негізі. Ондай нәрсеге бара алмайды. Егер де жын шайтандар үйреніп қалатын болса, ана адамға келе береді де көрдіңіз бе?!

Имамның сөзінің жаны бар. Күйі қашқан Аяла үйін де сатты. Басқа баспанаға барса да басындағы жағдай кетпеді. Кейін молдаға дем де салдырды. Қазір сағаттап сүре, дұға оқиды.

Аяла Әмірханова:

Қазір мазалауды қойды. Бірақ жатқан кезде дәретсіз жатсам және оң жақпен немесе сол жақпен дұрыс жатпасам, сондай уақытта болып тұрады, бірақ бұрынғыдай емес.

Нұргүл Даубаева, психолог:

Әйелдер орамал тақпаса немес аш- жалаңаш жүрсе, күйеуге шықпаған қыздар ұзақ уақыт жалғыз қалса, азаматынан ажырасқан қыздарға осындай жындар әуес болады деген ақпарат бар.

Ғаламтордағы пікірлерді парақтасаңыз да, солай деген. Ал имам, оны жоққа шығарды. Жын адам талғамайды, уақыт таңдамайды.

Данияр Байдуллаев, имам:

Ол жалғыз болсын, ажырасқан болсын, бойдақ болсын, отбасылы болсын, жынға шайтанға бір кісіге ойы түссе келе береді. Ол оған қарамайды негізі. Ол киімсіз болсын, киімде болсын, негізі жын шайтандар бізді көре береді ол, көре береді. Үйіңізде болсын, машинада боласыз ба немесе мешітте боласыз ба, әжетханада болдыңыз ба, душта болдыңыз ба, оларға бәрібір, көре береді.

Елес болсын не болсын, күндіз күлкі түнде ұйқыдан айырған қорқыныштан құтылу үшін уақыт создырып алуға болмайды. Имамға барып дем салдырыңыз болмаса.

Алмагүл Айтжанова, психиатр-дәрігер:

Қорықпай мамандарға келу керек. Ұялудың қажеті тіпті жоқ. Өйткені ол одан бетер созылып кете беретін боса, онда ол жағдай күрт өзгеріп, қиын жағдайға келтіруі мүмкін.

Қиын жағдай дегені асқынып кетсе, адам өз-өзіне қол жұмсауға дейін барады екен. Құдай сақтасын әрине.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: