Жаңалықтар тізбегі
0

"Ақшамды үнемі тартып алады". Алматылық қыз өзін бір жігіттің қанап жүргенін айтты

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2020 16:55 Pixabay
Қыз Инстаграмда жазба жариялап, таяқ жеген кезіндегі суретін орналастырған.

Алматы қалалық полициясы жігіті ұрып-соғып, қанайтын қыздың арызы бойынша тергеу жүргізуде, деп хабарлайды zakon.kz.

Қыз Инстаграмда жазба жариялап, суретін орналастырған.

"Мен енді үнсіз қала алмаймын!!! Бір жылдан бір жігіт мені ұрып-соғып, ақшам мен телефонымды тартып алумен келеді, "бұл туралы өзгелерге айтсаң өлтіремін" деп қорқытады", - деп жазды Aidinovnab.

Одан кейін ол күдікті қылмыскердің аты-жөнін атап, көптен көмек сұраған.

Ал жазба астына пікір қалдырушылардың бір парасы "қыз өтірік айтады, ал суреттегі көзінің айналасындағы көгеру косметикалық отаның ізі секілді" деп жазған.

Расында ол солай ма, әлде бұл күштеу іздері ме, мұны полиция анықтайтынын болады.

Полицияға жәбірленуші А.А. 2020 жылдың 10 мамырында арызданды. Қазіргі уақытта Алмалы аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот ісін жүргізу аясында істің мән-жайын анықтауға және қылмыскерді жауапқа тарту үшін кешенді шаралар жүзеге асырылады. Сонымен қатар, тиісті тексерулер жүргізілетін болады, - деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: