Алматыда "Қарызды төлесең, үстемақың жойылады" акциясы басталды

Pinterest, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2021 18:20 Pinterest
Акцияға қатысу үшін биылғы жылдың 15 сәуірінен 31 қазанына дейін қарызды толығымен төлеп, "Алматы жылу желілері" ЖШС-ға бірқатар құжаттарды тапсыру қажет.

Алматыда "Қарызды төлесең, үстемақың жойылады" акциясы басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматыда жылу және ыстық сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтер тұтынушылар үшін "Қарызды төлесең, үстемақың жойылады" акциясы бастады.

Айыппұлдан бөлек, бұл мүлікке қатысты шектеулер мен бұғаттауды, сондай-ақ банктік шоттарындағы бұғатты жоюға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды ALTS.

Акцияға қатысу үшін биылғы жылдың 15 сәуірінен 31 қазанына дейін қарызды толығымен төлеп, "Алматы жылу желілері" ЖШС-ға бірқатар құжаттарды тапсыру қажет: өтініш, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, негізгі қарызды төлегені туралы құжат (касса чегі), оның бәрін info@alts.kz электронды поштасына жіберуге немесе тұрғылықты аумаққа қарасты Халыққа қызмет көрсету орталықтарына хабарласуға болады.

Қарыз төленбеген жағдайда, ол адам жылумен жабдықтау қызметтерінен ажыратылады, ал қарыздар сомасы сот арқылы өндіріледі, - дейді АЛТС.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: