Вакцина алудан бас тарту Теңіздегі жаңа зауыттың құрылысын тоқтатты

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2021 20:50 inbusiness.kz
Бұл туралы мұнай сервистік компаниялар одағының төрағасы Рашид Жақсылықов мәлімдеді.

Елдегі мұнай-кен орындары қызметкерлерінің 90 проценті коронавирусқа қарсы егілуге үзілді-кесілді қарсы. Соның салдарынан Теңіз кенішінде жаңа зауыттың құрылысы тоқтап тұр, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы мұнай сервистік компаниялар одағының төрағасы Рашид Жақсылықов мәлімдеді, деп хабарлайды "Хабар-24".

Екпеден бас тартудың бір себебі вахта әдісімен жұмыс істейтіндерге тиісті жағдай жасалған. Оларға Еңбек кодексінде көрсетілген уақыттан артық жұмыс істегені үшін үстемеақы төленеді. Ал кезекшілікке түсер алдында міндетті түрде оқшауланады.

Рашид Жақсылықовтың айтуынша, мұндай жағдайда екпе салу мұнайшылар үшін тиімсіз болып отыр.

Айта кетейік, бүгінде кәсіпорынға "Спутник V"-дің 90 мыңға жуық дозасы жеткізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: