Жаңалықтар тізбегі
0

Қош бол, қазақ жырының "көкмойнағы". Есенғали Раушановтың рухына құран бағышталды

пресс-служба акима Мангистауской области, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2021 21:01 пресс-служба акима Мангистауской области
Бүгін Ақтаудағы Бекет ата мешітінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра санаулы адамның қатысуымен марқұмның рухына құран бағышталды.

Қазақ руханияты қара жамылды. Қазақ поэзиясының шоқтығы биік тұлғасы, айтулы ақын, драматург, белгілі баспагер – Есенғали Раушанов дүние салды. Ақынның қазасына байланысты мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаев марқұмның отбасына көңіл айтып, жеделхат жолдады. Қазақ әдебиеті, шығармашылық орта ғана емес күллі қазақ қоғамы үшін орны толмас, ауыр қаза болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бабатопырағы – Маңғыстау жұрты да арда ақын, адал азаматын жоқтап, қайғыруда. Бүгін Ақтаудағы Бекет ата мешітінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра санаулы адамның қатысуымен марқұмның рухына құран бағышталды.

Жүрісі-тұрысы нар тайлақ сияқты болғанымен, бойында көш бастайтын көсем түйенің мінезі бар. Шаңырақ артсаң – шақпайтын, кебеже артсаң – сындырмайтын, тең артсаң – түсірмейтін, алтын артсаң да ауырсынбайтын қазақтың нағыз атанжілік ақыны, - деп, Әбіш аға Кекілбайұлы баға берген қарымы ерен, дарыны кемел қаламгер болатын.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2021 21:01

Білімі терең, танымы биік, қайда жүрсе де қазаққа пайдалы дүниені қамдап, ізгілік пен игіліктің ізденімпазы еді. Түркі халықтарының тілдерін ғана емес, ағылшын, парсы тілдерін меңгерген полиглот. Артынан ерген жас талапқа көп оқуды, жақсы жазуды ұлағаттаған ұстаз. Оның лирикалық жырлары, эпикалық қуатты поэмалары – қазақ поэзиясында өзіндік өрнек, даңғыл жол қалыптастырған дара сипатты мектеп екендігі даусыз. Өлеңдегі ақындық қуаты қандай терең болса, өмірде де азаматтық мұраты биік болды.

Ой, біздің ел жазған-ай,

Қатпар да қатпар қара тас

Қатты емес деп саздан-ай,

Он құлашты орпа деп,

Қырық құлашты орта деп,

Ана ата қоныс Үстіртте

Тереңдігі жүз құлаш

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2021 21:01

Үш мың шыңырау қазғаны-ай... - деп жырлаған Есенғали ақын Маңғыстаудың қиындығына бір кісідей күйзеліп, жетістігіне бір кісідей тілеулес болып өтті.

Елдің бірлігі мен қоғамның тұтастығын көздеген талай шаралардың басы-қасында болды. Аяулы да абыройлы перзентінің есімін барша маңғыстаулықтар әмәнда ұмытпақ емес, оның жырлары әрқашан ұрпақ жүрегінде. Қош бол, қазақ жырының "көкмойнағы"...

Маңғыстау облысының зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылары, ел азаматары марқұмның отбасына, ағайын-тумасына көңіл айтады, қайғысын бөліседі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2021 21:01

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: