Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтаудан дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды

УВП МО, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2020 01:15 УВП МО
Қазіргі пандемия жағдайында аса сақтықпен және жауапкершілікпен, барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отыра Маңғыстау облысының дзюдо федерациясы Қазақстан дзюдо федерациясымен бірлесе ұйымдастырды.

Ақтауда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Төрт күнге созылған байрақты бәсекеге Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен еліміздің 14 облысынан 273 татами шебері қатысты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі пандемия жағдайында аса сақтықпен және жауапкершілікпен, барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отыра Маңғыстау облысының дзюдо федерациясы Қазақстан дзюдо федерациясымен бірлесе ұйымдастырды. Он айдан кейін татамиге оралған дзюдошылар да тартысты белдесулер өткізіп, жарысты сағынғанын жасырмады.

Коронавирус пандемиясының қауіптілігін ескере отырып, осындай қиын кезеңде батылдық танытып, ел біріншілігін өткізу оңай шешім емес. Аталған жарыс әуелі Атырауда жоспарланған болатын. Одан кейін елордада өткізуді қарастырғанмен, ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты Ақтауға ауыстырылды. Ұзақ үзілісте татамиден тыс қалған дзюдошылар үшін бүгінгі жарыс аса қажет болатын. Бүгінгі ел біріншілігінің нәтижесінде Қазақстан Республикасының жаңа ұлттық құрамасы жасақталады, - деді Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Қожамжаров.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2020 01:15

Жылдың ең маңызды жарысы саналатын ел біріншілігіне ұлттық құрама сапынан барлық дзюдошы татамиге шықты. Ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиевтің айтуынша, жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегер атанған спортшылар ұлттық құрама сапына қосылып, алдағы жаңа Олимпиадалық циклге резерв жасақталады.

Ақтау татамиінде жаңа есімдер шығып жатыр. Жеңімпаздар қатарынан табылмаса да, белдесу барысында көзге түскен, күрес стилі ерекше жас балуандар көп болды. Ұлттық құрама спортшыларының ізін басатын мықты жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Ересектермен қатар ел чемпионатында жасөспірімдер мен жастар құрамасынан балуандар қатысты. Олар біздің болашағымыз. Дәл осы балуандарды келесі Олимпиадалық кезеңге, 2024 жылғы Париж Олимпиадасына дайындайтын боламыз, - деді бас бапкер Ғалымжан Жылгелдиев.

Өз кезегінде ұлттық федерация басшысы Қайрат Қожамжаров жарыстың ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады.

Жарыстың қысқа уақыт ішінде өте жоғары деңгейде, аса жауапкершілікпен ұйымдастырылғанын ескерген жөн. Қазақстан чемпионатының өткізілуіне барынша ат салысып, тыңғылықты ұйымдастыруға ат салысқан, атап айтқанда, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов пен Асылбек Жолдыбаев бастаған Маңғыстау облысының дзюдо федерациясына алғысым шексіз, - деп, сөзін түйіндеді федерация президенті.

Қазақстан чемпионаты әдеттегідей ең жеңіл салмақтан, 60 келіден басталды. Бұл салмақта құрама лидері әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметов денсаулық жағдайына байланысты Қазақстан чемпионатынан босатылған болатын. Елдостың қатыспауы жастарға жол ашып, құрама сапына қосылуға мүмкіндік берді деуге болады.

Қазақстан чемпионатына қатысып, күреспесем де, балуандардың белдесуін бақылап отырдым. Біздің артымыздан осындай талантты әрі батыр спортшылардың өсіп келе жатқанына қарап сүйсінесің. Осы уақытқа дейін жеңіл салмақта бәсекелестік жоғары болып, әр белдесу тартысты өтетін. Биыл барлық салмақта кіл мықтылар жиналып, ауыр салмақта да күресін қыздырған балуандар көп болды. Әр салмақта лидерлермен қатар оларға бәсекелес болатын жастар табылды. Тіпті, жас дзюдошылар тәжірибелі татами шеберлерінің жауырындарын татамиге тигізіп, топ жарып кеткені болды.

Спортшыларымыздың тәжірибесін арттырып, осындай күнде күресіп, өздерін шыңдауға мүмкіндік бергені үшін ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, - деп, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметов жарыс туралы пікір білдірді./quote]

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2020 01:15

Назарларыңызға дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының нәтижесін ұсынамыз:

Ерлер:

60 кг

1. Мағжан Шамшадин (Қызылорда облысы)

2. Дамир Болатбеков (Алматы облысы)

3. Тоқтар Үміталиев (БҚО)

3. Ержан Еренғайыпов (Қарағанды облысы)

66 кг

1. Данияр Шамшаев (Жамбыл облысы)

2. Ғұсман Қырғызбаев (Алматы)

3. Айболат Ыстыбаев (Атырау облысы)

3. Ғұмар Қырғызбаев (Алматы)

73 кг

1. Жансай Смағұлов (Қарағанды облысы)

2. Аңсарбек Ғайнуллин (БҚО)

3. Ерлан Серікжанов (ШҚО)

3. Асқар Нарқұлов (Алматы)

81 кг

1. Мәди Амангелді (Нұр-Сұлтан)

2. Абылайхан Жұманазар (Қызылорда облысы)

3. Руслан Мұсаев (Маңғыстау облысы)

3. Ерехан Нұридин (Түркістан облысы)

90 кг

1. Дидар Хамза (Түркістан облысы)

2. Ерсұлтан Мұзаппаров (Шымкент)

3. Аслан Сағитбек (Қостанай облысы)

3. Әділет Мисин (Ақтөбе облысы)

-100 кг

1. Ислам Бозбаев (Қарағанды облысы)

2. Айбек Серікбаев (Қызылорда облысы)

3. Серік Сәлменов (Павлодар облысы)

3. Арман Қалиев (Атырау облысы)

+100 кг

1. Әділ Оразбаев (ШҚО)

2. Ерасыл Қажыбаев (ШҚО)

3. Ғалымжан Қырықбай (Жамбыл облысы)

3. Еламан Ерғалиев (Қызылорда облысы)

Әйелдер:

48 кг

1. Ақмарал Науатбек (Нұр-Сұлтан)

2. Ғалия Тынбаева (Алматы)

3. Маргарита Бажаева (Қарағанды облысы)

3. Абиба Абужақынова (Атырау облысы)

52 кг

1. Нұрсұлу Ералиева (Алматы облысы)

2. Анна Казюлина (Маңғыстау облысы)

3. Гүлдана Әлмұханбетова (БҚО)

3. Құндыз Жылқыбай (Қызылорда облысы)

57 кг

1. Севара Нишанбаева (Шымкент)

2. Бақыт Құсақбаева (Ақтөбе облысы)

3. Нұржамал Жарманова (Ақтөбе облысы)

3. Гүлзанст Нұридинова (Алматы облысы)

63 кг

1. Иоланта Бердібекова (Алматы)

2. Кристина Сотникова (ШҚО)

3. Саёра Мырзахметова (Алматы)

3. Зарина Сарипова (ШҚО)

-78 кг

1. Зарина Райфова (Алматы)

2. Назерке Тілеуханова (ШҚО)

3. Мадина Парагулгова (Алматы)

3. Аяла Мереке (Ақтөбе облысы)

+78 кг

1. Камила Берліқаш (Алматы облысы)

2. Назгүл Маратова (СҚО)

3. Ақерке Рамазанова (Алматы)

3. Нұрғаным Тұршабек (Қызылорда облысы)

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2020 01:15

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: