Қазақстанның Бельгия мен Үндістандағы елшілері тағайындалды

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2021 17:34 24.kz
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары болған Баймұхан Марғұлан Бақытұлы Қазақстанның Бельгиядағы елшісі болып тағайындалды.

Қазақстанның Бельгия мен Үндістандағы елшілері тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы лауазымына тағайындалды. Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", делінген Ақорда жариялаған хабарламада.

Баймұхан Марғұлан Бақытұлы бұған дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: