Қазақстанның күнтізбесінде малшылар күні пайда болады

mgorod.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2021 21:30 mgorod.kz
Жобаның мақсаты - еліміздегі мал бағушылар күні мерекесін бекіту, сонымен қатар мал шаруашылығы саласындағы қызметкерлердің беделін көтеру, оларды еңбектегі жетістіктері үшін көтермелеу .

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы мереке күндері тізіміне толықтырулар енгізген ҚР Үкіметінің қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесі келесі тармақпен толықтырылсын:

"14-1. Мал бағушылар күні - маусымның екінші жексенбісі", делінген құжатта.

Құжаттағы түсініктемеде көрсетілгендей, жобаның мақсаты - еліміздегі мал бағушылар күні мерекесін бекіту, сонымен қатар мал шаруашылығы саласындағы қызметкерлердің беделін көтеру, оларды еңбектегі жетістіктері үшін көтермелеу .

Құжат 5 мамырға дейін ашық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: