Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаевқа еліміздегі блокчейн-технологиялардың даму жайы баяндалды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2021 23:27 Pixabay
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет жаңа технологияларды экономиканы дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде қарастыратынын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның блокчейн-технологиялар ассоциациясының басшысы Исламбек Салжановты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы блокчейн-технологиялардың дамуы жайында баяндалды.

Исламбек Салжанов іске асырылып жатқан нақты жобалар жайында, сондай-ақ, Үкіметпен бірлесе отырып аталған салаға халықаралық компаниялар мен инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында орындалған жұмыстар туралы мәлімет берді. Ассоциация басшысының сөзінше, бұл елімізде көптеген жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, ал, салық саясатына енгізілетін кей өзгерістер ел бюджетіне қосымша түсім әкеледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет жаңа технологияларды экономиканы дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде қарастыратынын атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: