Қазақстанда ковидті қайта жұқтырудың 800 дерегі тіркелген

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2021 23:50 Pixabay
Қайта жұқтырушы науқастардың әрқайсысының жағдайын эпидемиологтар мен салалық мамандар одан әрі жекелей зерттеп, кеңестер өткізеді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда бұрын коронавируспен ауырып, қайта оны жұқтырудың 800-ге жуық жағдайы тіркелген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Бүгінде зерттелген материалдар, статистикалық мәліметтерге сәйкес, 800-ге жуық адам ковидті қайта жұқтырғаны туралы деректер тіркелді, - деді Ахметова.

Алайда, ол әр жағдай бөлек зерттелетінін қоса атап өтті.

Қайта жұқтырушы науқастардың әрқайсысының жағдайын эпидемиологтар мен салалық мамандар одан әрі жекелей зерттеп, кеңестер өткізеді. Соңғы ақпарат содан кейін хабарланады, - деп уәде берді комитет төрағасының орынбасары.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: