Жаңалықтар тізбегі
0

Авиациялық оқиғаларды тексеруді тәуелсіз тергеу органдарына беру ұсынылды

Сенаттың баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2021 17:33 Сенаттың баспасөз қызметі
Сенатор Мұсабаев ұшу қауіпсіздігі саласындағы проблемалар туралы айтты.

Сенат депутаты Талғат Мұсабаев Премьер-Министрдің атына жолдаған сауалында азаматтық авиация және ұшуды ұйымдастыру саласындағы қауіпсіздік мәселелерін қозғады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сенатор заң бойынша азаматтық авиацияда сертификаттау, қадағалау және бақылаумен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті айналысуы керек екенін атап өтті. Алайда, бұл мемлекеттік функциялар іс жүзінде ішкі құжаттар негізінде шетелдік азамат басқаратын "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ коммерциялық компаниясына берілді. Сенатордың пікірінше, аталған саладан өзін-өзі осылай шеттету фактісі мұндай мемлекеттік органның болу орындылығы туралы мәселені туындатады.

Суық ақылға салып, мәселенің шешімін заңды арнаға бағыттауды ұсынамыз. Азаматтық авиациядағы қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік функцияларды Азаматтық авиация комитетіне қайтару қажет деп санаймыз, ал "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ құрылғандықтан, оған тек сертификаттау жөніндегі функцияларды қалдыру немесе оған коммерция субъектісі емес, барлық туындайтын заңнамалық салдары мен жауапкершілігі бар мемлекеттік орган мәртебесін беру, оған мемлекеттік функцияларды орындауды жүктеу қажет, – деп атап өтті сенатор.

Ол өзінің депутаттық сауалында авиациялық және азаматтық авиациядағы оқиғаларды тексеруді Төтенше жағдайлар министрлігіне немесе тәуелсіз халықаралық аймақтық тергеу органдарына беруді қарастыру қажет екенін айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: