Жаңалықтар тізбегі
0

Үй беру кезегін жылдамдататын жемқорлар тергелуде

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2020 21:17 zakon.kz
Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы жемқорлық фактілері туралы.

Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Агенттіктің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz Агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2019 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өндірісінде осы салада 104 сыбайлас жемқорлық қылмыстық іс болған, оның 91-і Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен тіркелген, 56 – өндіріспен аяқталды, оның 49-ы сотқа жолданды. 20-дан астам лауазымды тұлға сотталды", - деп хабарлады Данияр Бигайдаров.

Оның айтуынша, осы қылмыстардың салдарынан мемлекетке келтірілген залал 2,5 млрд теңгеден астам соманы құрады (2 525 277 мың теңге), оның 100% - ға жуығы (2 511 619 мың теңге) қазіргі таңда өтелген. Осы салада бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстары тергелу үстінде.

Талдау қорытындысына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының көп тараған түрлері – бұл парақорлық, лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану және оырндалған жұмыс актілеріне заңсыз қол қоюға байланысты жымқыру (су тазарту құрылыстарын күрделі жөндеуге, жарықтандыруды орнатуға және көшелерді абаттандыруға, көлік құралдарының жылдамдығын мәжбүрлеп төмендету жабдықтарын орналастыру және т.б. жұмыстары).

Олар тендерлер өткізу, тұрғын үй беру кезегін жылдамдату, жалпы қамқорлық, сондай-ақ магистральды желілерді қайта жаңарту, елді мекендерді сумен жабдықтау және т.б. жұмыстарды жүргізу кезінде бөлінген бюджеттік қаражатты жымқыру фактілерімен байланысты.

Статистикалық деректерге сәйкес, 2017-2019 жылдар аралығында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен 300-ден астам сотқа дейінгі тергеу тіркелді.

Оның ішінде 288 қылмыстық іс тергеумен аяқталып, 92% сотқа жолданды және 78 тұлға сотталды.

"Жүргізілген талдау қорытындысы бұл саланың әрбір бағыты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен ұштасқанын куәландырады. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің неғұрлым нақты нәтижелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау аяқталғаннан кейін жарияланатын болады", - деді аға тергеуші.

Сонымен қатар ол, Агенттік осы бағытта әрбір қылмыстық іс бойынша Қылмыстық процессуалды кодекстің 200 бабына сәйкес ұсыныстарды енгізеді. Ол ұсыныстар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мен жою мен мақсатында әзірленеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: