Жаңалықтар тізбегі
0

Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру қағидаларына өзгерістер енгізіледі

Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру қағидаларына өзгерістер енгізіледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2024 10:07 Сурет: telegram/modgovkz
Қорғаныс министрлігі "ҚР Мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 18 наурыздағы № 145 бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы" қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қорғаныс министрлігінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшу қауіпсіздігі департаменті нормативтік құқықтық актілерге тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

"Өзгерістер нормаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру, профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру, авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды жіктеу мен есепке алу тәртібін жетілдіру мақсатында енгізіледі". Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бұйрық жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында "Ашық НҚА" бөлімінде биылғы жылдың 12 қарашасына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: