Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жылдамтықты арттырып, жол жүру ережесін бұзғаны үшін жаңа айыппұлдар пайда болуы мүмкін

"ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" заң жобасы, ҚР Әділет министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2023 15:38 Сурет: Zakon.kz
ҚР Әділет министрлігі "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, 592-бапқа ("Белгiленген жүру жылдамдығын арттыру") өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Көлік құралы қозғалысының белгіленген жүру жылдамдығын сағатына 40-тан 80 шақырымға дейін арттырғаны үшін 20 АЕК мөлшерінде (69 000 теңге) айыппұл салынады.

Ал көлік құралы қозғалысының белгіленген жүру жылдамдығын 80 және одан астам шамаға арттыру – 40 АЕК мөлшерінде (138 000 теңге) айыппұл салуға алып келеді.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер 60 АЕК (207 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

593-бап та ("Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау") өзгертілді.

Онда жолаушыларды көліктің кабинасынан тыс тасымалдауға, сондай-ақ көлік құралының терезелері мен люктеріне шығып кетуге, есіктерді ашуға және көлік жүргізу кезінде басқа да осыған ұқсас әрекеттерді жасауға жол бергені үшін жаза қарастыратын жаңа тармақ пайда болды. 

Бұл әрекеттерге 10 АЕК (34 500 теңге) көлемінде айыппұл белгіленді.

Қозғалыс кезінде жолаушылар көлік құралының салонынан тыс жерде болған кезде оның талабын сақтамауы 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Кодекстің 46-бабының төртінші бөлігіне сәйкес арнаулы құқықтан айыру қолданылмайтын адамдар жасаған әрекет отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Көлік құралдарының, жүктердің, жолдардың, жол және өзге де құрылыстардың не өзге де мүліктің материалдық залал келтіруіне әкеп соққан, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген іс-әрекет 9 ай мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.

Заң жобасы 13 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: