Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылық кәсіпкерлер жаңа бағдарлама бойынша жеңілдікпен несие ала бастады

Ашық дерекөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2021 20:51 Ашық дерекөздерден алынды
Бағдарламаға Алматы қаласында тіркелген және қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.

Алматының Наурызбай, Алатау, Түрксіб және Жетісу аудандарының тұрғындары бизнес жүргізу үшін жылына 5% мөлшерлемемен несие ала алады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша "Almaty Business" өңірлік бағдарламасына тиісті түзетулер енгізілді. Бұған дейін, Алматының кәсіпкерлеріне жоғарыда аталған бағдарлама аясында жылына 7% пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие берілгенін еске саламыз.

"Алматы бизнесінің басым бөлігі сауда және қызмет көрсету саласынан тұрады. Осыған байланысты, Алматы әкімдігі мен "Даму" қоры сауда, сұлулық салондары, монша кешендері, хостелдер және басқа да салаларда жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасына бастама жасады. Жүргізілген талдауға сәйкес шағын және орта бизнес субъектілері қала аудандарында біркелкі шоғырланбаған. Олардың саны бойынша Бостандық, Алмалы, Медеу аудандары көш бастап тұр және олардың үлесі 50%-дан асады. "Даму" қорымен келіссөздер жүргізу арқылы әкімдік белсенділігі төмен аудандардың тұрғындары үшін пайыздық мөлшерлемені 7%-дан 5%-ға дейін төмендетті", - деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов.

Бағдарламаға Алматы қаласында тіркелген және қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Бір қарыз алушыға берілетін қарыздың ең жоғарғы сомасы 180 млн теңгені құрайды. Сыйақының номиналды мөлшерлемесі – белсенділігі төмен аудандар үшін 5%, белсенді аудандар үшін 7%.

Өңірлік бағдарлама аясында 2021 жылы тепе-тең негізде 11,2 млрд теңге қарастырылған (ауыспалы және револьверлік қаражат). Бүгінгі таңда жалпы несие сомасы 1 346,4 млн теңгені құрайтын 21 жобаға қолдау көрсетілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: