Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңадан құрылған Сауран ауданына алғашқы әкім тағайындалды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2021 22:55 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ғани Рысбеков 1962 жыл 8 сәуірде Түркістан қаласында туған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жаңадан құрылған Түркістан облысы Сауран ауданының алғашқы әкімі тағайындалды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Сауран ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Конституциясының 87-бабына сәйкес, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Сауран аудандық мәслихаты депутаттарының бірауыздан қолдауымен, Сауран ауданы әкімінің лауазымына бұған дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келген Ғани Құрмашұлы Рысбеков тағайындалды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Сауран ауданының әкіміне алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, абыройлы еңбек ететініне сенім білдірді.

Ғани Рысбеков өзіне сенім артқан барша азаматтарға алғыс айтып, жаңадан құрылған Сауран ауданының дамуы мен өркендеуі жолында бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты.

Ғани Рысбеков 1962 жыл 8 сәуірде Түркістан қаласында туған.

Қазақ, білімі жоғары. 1986 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын ғалым агроном мамандығы, 2005 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1979 жылы Түркістан қаласында Чапаев атындағы колхозда жұмысшы болып бастаған.

1980-2015 жылдар аралығында Түлкібас жеміс-жидек зауытының жұмысшысы, Целиноград облысы Балхаш ауданы Веселовский совхозының аға агрономы, Түркістан ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімінің инспекторы, меңгерушісі, Түркістан қаласы жастар ісі спорт және туризм басқармасының бастығы, Түркістан қаласы әкімдігінің шаруашылық басқармасы мемлекеттік мекемесінің бастығы, Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы болған.

2019 жылдан бері Кентау қаласының әкімі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарып келді. "Ерен еңбегі үшін" медалімен, "Құрмет" орденімен марапатталған.

Шорнақ ауылы Түркістан қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан. Бүгінде мұнда 12 мың халық тұрады. Жаңадан құрылған аудан халқының саны 100 мыңнан асады деп жоспарлануда. Ауданның жалпы көлемі 12 ауылдық округ пен әкімшілік орталығын қоса алғанда 650 мың гектар жерді құрайды.

"Сауран" атауы ежелгі Түркістан ұғымымен тығыз байланысты. Сауран – XII ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған қала. Шаһар Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. XIII ғасырдың орта шегінде Ақ Орданың астанасы болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: