Қазалы ауданына әкім тағайындалды

Қызылорда облысы әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2021 19:27 Қызылорда облысы әкімдігі
Мұхтар Оразбаев 1971 жылы Арал қаласында туған.

Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қазалы аудандық мәслихатының келісімдері бойынша Қазалы ауданының әкімі лауазымына (ротациялық тәртіппен) Оразбаев Мұхтар Әуесұлы тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова жаңа аудан әкімін Қазалы ауданында өткен жиында таныстырды.

Мұхтар Оразбаев 1971 жылы Арал қаласында туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын "инженер-механик" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы "Аралбалық" акционерлік қоғамы автопаркінің механигі ретінде бастаған. 2000-2016 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының жетекші маманы, бас маманы, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімі аппаратының басшысы, ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2016 жылғы қараша айынан бастап Арал ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: