Жаңалықтар тізбегі
0

"Жас маман" жобасы – кәсіби дамудың негізі

Колледж директоры Гульнара Такимова, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2021 15:00 Колледж директоры Гульнара Такимова
"Жас маман" жобасы кәсіптік техникалық білім беру дамуының негізі болары анық.

"Алматы облыстық білім басқармасы" ММ "Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі" МКҚК іргетасы 1965 жылы қаланған оқу орны. Колледж бүгінгі күнге дейін бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда талмай еңбек етуде.

Қазіргі таңда колледж заманауи талаптарға сай қажетті 4 мамандық бойынша білім беруде:

1. 1114000 "Пісіру ісі" (Электр газымен дәнекерлеуші)

2. 0508000 "Тамақтандыруды ұйымдастыру" (Аспаз, кондитер)

3. 1401000 "Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану" (Сылақшы, бояушы, қаңқа қаптауыш құрастырылымдар құрастырушысы, құрылыс шебері)

4.1201000 "Автомобиль көлігіне қызмет көрсету,жөндеу және пайдалану", (Автокөліктердің электр құрылғыларын жөндеуші электрик, автокөлік слесарі)

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2021 15:00

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылғы 23 қаңтардағы "Жастар" жылының салтанатты ашылу рәсімінде берген тапсырмасына сәйкес "Жас маман" жобасы әзірленген болатын.

ҚР Үкіметінің "Нәтижелі жұмыспен қамту" және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" Мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысымен "Жас маман" жобасы енгізілді.

Осы аталған жоба бойынша 180 колледждің ішіне Қарасай ауданы Шамалған ауылында орналасқан біздің де колледж "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандығының, "Автомобиль жөндеу слесарі" біліктілігі бойынша кіріп отыр.

"Жас маман" жобасының негізігі шарттарына сәйкес қондырғылармен құрал-жабдықтар сатып алу бойынша келісім шарт жасалынды. Келісім шартқа сәйкес 28 (жиырма сегіз) атаулы бірліктегі қондырғылармен құрал-жабдықтарды толықтай жеткізу, орнату және құрал-жабдықтарды қолдану бойынша оқыту курстары жасалынды. Жоба бойынша Алматы облысында аналогтары сирек кездесетін құрал-жабдықтар да сатып алынды. Олар:

Герметикалықты тексеруге арналған стенд ЖҚОС үшін сынақ стенді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2021 15:00

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2021 15:00

Қондырғылармен құрал-жабдықтарды қолдану бойынша инженер педагог-қызметкерлер біліктілікті арттыру курсынан сертификатқа ие болды. Жоба бойынша келген құрал-жабдықтармен I курс студенттерінің өндірістік оқыту сабағында қолданып жатыр.

"Жас маман" жобасы бойынша алынған қондырғылыр мен құрал-жабдықтарды талдау мақсатында TOYOTA TSUSHO TECHNIC, Hyindai-Qalqaman, Alfa Motors (Chevrolet), ЖК "Касенов" - корпорация және жеке кәсіпкерлердің өкілдерімен кездесулер жүргізілді. Кездесу барысында корпорация және жеке кәсіпкерлердің өкілдері "Қондырғылырдың заман талабына сай екендігі және бұл технологияларды жақсы игерген студенттер түрлі автокөлік ТЖО-мен автокөлікке қызмет көрсету орталықтарына жұмысқа кіру мүмкіндігі жоғары" деп атап өтті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2021 15:00

"Жас маман" жобасының аясында Кәсіптік оқудағы көп салалы колледжі арнайы видеостудияға және практикалық жұмыстарды онлайн түрде өткізуге мүмкіндік беретін Electude бағдарламасына қол жеткізілді.

Ресейдің Sensys Engenering оқыту орталығымен келісім шарттар жасалынып Electude бағдарламасы сатып алынды. Бұл бағдарламада симулятор арқылы практикалық жұмыстарды онлайн түрде компьютермен өту мүмкіндігі бар. Колледж студенттері Electude бағдарламасының Zoom арқылы демонстрациясына қатысып Халықаралық деңгейдегі СЕРИТФИКАТҚА ие болды. Қазіргі таңда 3-курс студенттері Ұлттық және Халықаралық деңгейдегі конкурстардың іріктеу кезеңдеріне қатысып жатыр.

Алдағы уақытта оқыту білім беру бағдарламасын финдік кәсіптік білім беру негіздерінің құрылымына сәйкес Soprano Group дайындаған білім беру бағдарламасына сәйкестендіру жоспарлануда.

"Жас маман" жобасы кәсіптік техникалық білім беру дамуының негізі болары анық.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: