Жаңалықтар тізбегі
0

Мамин сәуірдің соңына дейін халықтың 20 пайызын вакцинациялауды тапсырды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2021 16:35 primeminister.kz
Үкімет басшысы бизнес-ортада "Ashyq" қосымшасын енгізуді кеңейтуді тапсырды, бұл кәсіпкерлерге енгізілген шектеу шаралары жағдайында өз қызметін жандандыруға мүмкіндік береді.

Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.

Үкімет басшысы сайтының мәліметінше, жиында қазіргі жағдай мен халықты вакциналау барысы туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, кәсіпкерлік нысандарында "Ashyq" қосымшасын пайдалану мәселелері туралы "Атамекен" ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметов, өңірлердегі ахуал туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев баяндады.

Бүгінгі таңда санитарлық-эпидемиологиялық жағдай біршама тұрақтанды. Вирустың репродуктивті индексі республика бойынша 1-ге дейін төмендеді. Инфекциялық төсек орындар 41%-ға, реанимациялық төсек орындар 28%-ға толы.

Қазіргі уақытта COVID-19 таралу қарқыны бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Маңғыстау облыстары "қызыл" аймақта орналасқан. Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда, қалған барлық өңірлер – "сары" аймақта.

26 сәуірден бастап кәсіпкерлік нысандарында "Ashyq" қосымшасын кеңінен іске қосу жұмыстары басталды. Енді "Ashyq" қосымшасы аясында театрлар мен кинотеатрлардан басқа, дәмханалар, мейрамханалар, сауда-ойын-сауық орталықтары мен спорт объектілері, оның ішінде фитнес-залдар ашылуға дайын.

"Бүгінгі таңдағы ең маңызды міндет – азаматтарымызды коронавирусқа қарсы вакциналаумен жаппай қамту. Сәуір айының қорытындысы бойынша вакциналауға жататын халықтың 20%-ы COVID-19-ға қарсы екпе алуы тиіс. Вакциналау жоспары мен өңірлерге вакцинаны жеткізу графигін сақтау қажет", — деді Мамин.

Премьер-министр азаматтардың маска тағуы, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы және адамдардың көптеп жиналуына жол бермеу бойынша талаптардың қатаң сақталуы маңызды екенін атап өтті. Үкімет басшысы бизнес-ортада "Ashyq" қосымшасын енгізуді кеңейтуді тапсырды, бұл кәсіпкерлерге енгізілген шектеу шаралары жағдайында өз қызметін жандандыруға мүмкіндік береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: