Жаңалықтар тізбегі
0

100 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі "Ashyq" қосымшасына қатысады

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2021 15:52 primeminister.kz
Бұл бизнеске өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан “Ashyq” қосымшасының қолданылу аясын одан әрі кеңейту қажет - Мамин.

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі жағдай мен халықты вакциналау барысы туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, кәсіпкерлік субъектілерін "Ashyq" жүйесімен қамту туралы "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов баяндады, делінген Үкімет басшысы сайтында.

Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай баяу өсу үрдісіне ие және біртіндеп тұрақтануда. Вирустың репродуктивтік индексі – 1,01 құрайды, инфекциялық төсек-орындар 54%, реанимациялық төсектер 45% толды. Бүгінгі таңда 5,9 млн жуық адам бірінші компонентті, шамамен 4,5 млн адам екінші компонентті алды. Үкімет басшысы биыл тамыз айында вакциналау жоспарының орындалуын қамтамасыз ете отырып, әсіресе Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында вакциналау қарқынын күшейту қажеттігін атап өтті.

Премьер-министр Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына, сондай-ақ Қарағанды облысына ерекше назар аудара отырып, барлық өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар халықтың шектеу шараларын, ең алдымен маска тағу режимін сақтауын қамтамасыз ету қажет екені атап өтілді. Ол үшін карантин талаптарын бұзушыларды жауапкершілікке тарта отырып, мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру тапсырылды.

"Ashyq" жүйесіне қатысатын кәсіпкерлік субъектілерінің саны үнемі артып келеді. Олардың саны 5 есеге – 21 мыңнан 101 мыңға дейін өсті. Бұл бизнеске өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан “Ashyq” қосымшасының қолданылу аясын одан әрі кеңейту қажет», — деді Мамин.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: