Алматыда жүрген шетелдіктер ақылы түрде екпе салдырта алады

egov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2021 23:48 egov.kz
Қазақстанда уақытша жүрген шетелдіктерге ақылы түрде вакцина егуге болады.

Алматыда шетелдік азаматтар коронавирусқа қарсы вакцинаны ақылы түрде жеке медициналық ұйымдарда ала алады. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Баспасөз мәслихаты кезінде Жандарбек Бекшин шетелдіктерге вакцинаны ақылы түрде алуға болатындығын айтты. Бұл - Sputnik V вакцинасы.

Барлығының бағасы бірдей. Баға 8 025 теңгеден аспауы керек. Мұны бізде 7 500 теңгеге жасай аласыз, бірақ жалпы көптеген зертханалар бағаны 8 025 теңгеден асырмайды, - деді Бекшин.

Бұған дейін Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер мен еңбек мигранттары коронавирусқа қарсы вакцинаны тегін ала алады деп хабарланған болатын. Қазақстанда уақытша жүрген шетелдіктерге ақылы түрде вакцина егуге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: