Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2021 04:36 primeminister.kz
Үкімет басшысы жоспарланған нысандар құрылысының уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында АӨК, көлік, туризм салаларындағы инвестициялық жобалардың іске асырылуымен, сондай-ақ халықты вакциналау барысымен танысты, деп хабарлайды zakon.kz.

Үкімет басшысы сайтының хабарлауынша, Мамин Түпқараған ауданында биыл сәуір айында пайдалануға берілген "Ақтау Агро" ЖШС құс фабрикасына барды. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 5 мың тонна тауық етін құрайтын инкубатор цехы, өндірістік кешені және құс сою цехы бар.

Құс фабрикасы Маңғыстау облысының ішкі нарығының құс етіне қажеттілігін 50% қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өнімнің бірінші партиясын осы жылдың маусым айының соңында өңірдің сауда сөрелеріне жеткізу жоспарлануда. Инвестициялардың жалпы көлемі 5,7 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорында 90-нан астам тұрақты жұмыс орны ашылды.

Мұнайлы ауданында Премьер-министр 85 га аумақта салынып жатқан "Aktau Green House" ЖШС жылыжай кешенінің құрылыс жобасымен танысты. Жоба 2 кезеңде жүзеге асырылады.

Бірінші кезеңде инвестиция көлемі 26 млрд теңгені құрайды. Биылғы желтоқсан айына қарай кәсіпорында 180-нен астам жұмыс орны құрылады, ал өндіріс көлемі жылына 8 мың тонна көкөністі құрайды.

Екінші кезеңде – 2022 жылдың соңына қарай жұмыс орындарының саны 430-ға дейін, ал жылыжай кешенінің қуаты 13 мың тонна өнімге дейін ұлғайтылады.

Үкімет басшысы халықаралық әуежайдан Ақтау курорттық аймағына дейінгі жолды реконструкциялау, республикалық маңызы бар "Жетібай – Құрық" автомобиль жолын күрделі жөндеу барысын, сондай-ақ өңірдегі басқа да автожол жобаларының іске асырылуын тексерді.

Мамин Ақтау қаласының туристік инфрақұрылымының құрылыс алаңдарын — тақырыптық ойын-сауық паркін, гольф-клубын, апартаменттер мен жалпы саны 600-ден астам нөмірі бар Fairmont, Hilton, Aqualina Resort брендтерінің қонақ үйлерін аралады. Үкімет басшысы жоспарланған нысандар құрылысының уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ жұмыс сапары аясында Премьер-министр "Ясин" медициналық орталығында болып, өңір тұрғындарын коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау барысымен танысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: