Тоқаев "Спутник V" вакцинасының екінші компонентін алды

Президент екпе салдыру барлық шектеулерден арылтып, қайта қалыпты өмірге бастайтын, COVID-19 пандемиясын жеңетін жалғыз жол екеніне кәміл сенеді.
Бүгін, 27 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Sputnik V вакцинасының екінші компонентін алды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін "Спутник V" вакцинасының екінші компонентін алды. Екпе салдырғаннан кейін Президенттің денсаулығында ешқандай кінәрат байқалған жоқ. Өзінің жұмыс кестесіне сәйкес қызметін қызу атқарып жатыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі вакцинация қарқынын төмендетпеу керек деп санайды. Мемлекет басшысы екпе салдыру барлық шектеулерден арылтып, қайта қалыпты өмірге бастайтын, COVID-19 пандемиясын жеңетін жалғыз жол екеніне кәміл сенеді", деп жазды ол Facebook-те.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript