Жаңалықтар тізбегі
0

Цойдың екпе алғанын шетелдік басылымдар да жарыса жазды. Неге?

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2021 18:27 Pixabay
Мақалаларда пандемиямен күреске қосқан Қазақстанның үлесі жоғары бағаланады.

Қазақстанда өз өндірісіндегі QazVac вакцинасымен халықты вакцинациялаудың басталғаны туралы жаңалық шетелдің қатты қызығушылығын тудырды. Көптеген ақпараттық агенттіктер мен басылымдар қазақстандық тәжірибе туралы материалдар жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мұндай мақала Reuters, The Guardian (Ұлыбритания), Fortune (АҚШ), Agence France-Presse және Le Figaro (Франция), EFE (Испания), ANSA (Италия), ТАСС (Ресей), Anadolu (Түркия) және ТМД елдерінің, Азияның, Еуропаның және Таяу Шығыстың ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Қазақстан коронавирусқа қарсы отандық вакцина жасап шығарды, ал Орталық Азия елінің денсаулық сақтау министрі тікелей эфирде өзіне вакцина салдыртты, - деп жазды The Guardian.

Сонымен қатар британдық журналистер Қазақстан "Sputnik V" вакцинасын шығарған алғашқы ел екенін де атап өтті.

Қазақстан өзінің COVID-19 вакцинасын жасап шығарып, халыққа ұсынған бірқатар елдердің қатарына қосылады ... QazVac-тың шығарылуы Орталық Азия елдерінің ғылыми және өндірістік әлеуетінің айқын дәлелі болып табылады. COVID-19 вакциналарын жасаған барлық басқа елдер, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Ресей және Үндістанның экономикасы анағұрлым дамыған және халқы да едәуір көп, деп хабарлады reporter.

Мақалаларда пандемиямен күреске қосқан Қазақстанның үлесі жоғары бағаланады. Қазақстан өз вакцинасын жасап шығарған дамыған алдыңғы қатарлы елдердің біріне айналды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: