Жаңалықтар тізбегі
0

Н.Нығматулин: Бірлік күні – еліміздің татулығы мен тұтастығының белгісі

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.05.2021 21:43 Ж.Құспанов
Елбасы қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың негізін қалап, Тоқаев осы бағытты одан әрі жалғастырып келеді.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды халықтар достығының, бірліктің және бейбітшіліктің символына айналған 1 мамыр мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Барша қазақстандықтарды еліміздің татулығы мен тұтастығын бейнелейтін «Бірлік күні» мерекесімен құттықтаймын. Көпұлтты халықтың ырысы мен ынтымақтастығы және бейбіт өмірі - біздің басты байлығымыз. Сондықтан, осындай айтулы мейрам ұлттар арасындағы достықты одан әрі тереңдете түседі, - деді Нұрлан Нығматулин.

Осы ретте, Мәжіліс Төрағасы Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, әрқашан халықтың береке-бірлігіне, қауіпсіздігіне, тұрақтылығы мен тыныштығына баса назар аударып, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың негізін қалағанын атап өтті.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин бүгінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы бағытты одан әрі жалғастырып келе жатқанын айтып, барлық қазақстандықтарға, әрбір отбасына бақ-береке, молшылық, елімізге тыныштық тіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: