Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекетаралық қатынастың үлгісі – Елбасы мен Путиннің кездесуі

kremlin.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2021 14:54 kremlin.ru
Мен бұдан былай да осы бағытты ұстана беремін, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Кездесу барысында Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің Құрметті төрағасы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы бұрыннан мемлекетаралық қатынастың жарқын үлгісі екенін атап өтті, делінеді Елбасы сайтында.

– Біздің байланысымыздың тарихы, яғни Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас – тұрақты әрі мемлекетаралық қатынастың үлгісі болып саналады. Мен бұдан былай да осы бағытты ұстана беремін, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президентіне пандемия кезінде Қазақстанға көрсетіп жатқан қолдауы үшін ризашылығын білдіріп, Қарағанды фармацевтикалық зауытында ресейлік вакцина шығару аясындағы тиімді әріптестіктің жайына тоқталды.

Владимир Путин коронавирус пандемиясының теріс әсеріне қарамастан екіжақты байланыс оң қарқын алып отырғанын атап өтті.

– Сіздің арқаңызда Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың даму қарқыны болашаққа сеніммен қарауымызға мүмкіндік береді. Пандемия салдарынан тауар айналымы 4 немесе 5 пайыз төмендегеніне қарамастан, биылғы жылдың алғашқы жартысында 20 пайызға жуық өсім байқалып отыр. Бұл өзге бағыттар бойынша да біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы дамитынын көрсетеді, – деді Владимир Путин.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2021 14:54

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: