Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы қалалық Мобильдік басқармасының экс-басшысына қатысты іс қозғалған жоқ

Алматы әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2021 16:41 Алматы әкімдігі
Қандай да бір түсініктеме алу үшін қалалық мобильділік басқармасына хабарластық. Баспасөз қызметі Ерлан Әділовтің енді ол жерде жұмыс жасамайтынын жеткізді.

Алматы қалалық Мобильдік басқармасының бұрынғы бастығы Ерлан Әділовке қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылы наурызда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қалалық Мобильділік басқармасының бастығы Ерлан Әділовке қатысты тергеу басталғанын хабарлады. Оған "Қомақты мөлшерде пара алу" айыбы тағылды.

Біз прокуратурадан тергеудің қай деңгейде жүріп жатқанын білуді сұрадық және алынған жауап бізді таң қалдырды.

Алматы қаласының құқық қорғау органдарының, оның ішінде Алматы қаласындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің іс жүргізуінде Алматы қаласы әкімдігінің қалалық Мобильдік басқармасының бастығы Е.М.Әділовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жоқ, - делінген Алматы прокуратурасының жауабында.

Яғни, қылмыстық іс жоқ екен. Қалай жоқ, демек ол істі жауып тастаған ба (егер болса), қадағалау органы бұған түсініктеме бермеді.

Қандай да бір түсініктеме алу үшін қалалық мобильділік басқармасына хабарластық. Баспасөз қызметі Ерлан Әділовтің енді ол жерде жұмыс жасамайтынын жеткізді.

Белгілі болғандай, бұл оқиға басталмас бұрын да, оның денсаулығында проблемалар болғаны және ол ұзақ уақыт ауруханада жатқаны, содан кейін ол қызметінен кетуге шешім қабылдапты.

Ерлан Әділов 2021 жылы 12 сәуірде денсаулығына байланысты еңбек шартын өз еркімен бұзды. Қалалық Мобильділік басқармасы бастығының бос орнына конкурс жарияланды, - делінген басқарманың ресми хабарламасында.

Ерлан Әділов 2020 жылғы маусымда Алматы қалалық Мобильділік басқармасының бастығы болып тағайындалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: