Nur Otan партиясы экс-депутатының мәйіті табылды
видеодан кадр
Полиция мәйітті қазір сараптамаға әкетті.
Осыдан бір ай бұрын жоғалған "Нұр Отан" партиясы экс-депутатының мәйіті табылды. 63 жастағы Нұрлан Сүлейменовті құтқарушылар Қарағанды облысы Нұра ауданындағы өзеннен алып шыққан, дейді 31 арнаның Информбюросы.
Полиция мәйітті қазір сараптамаға әкетті. Айта кетейік, сегізінші сәуірде Мыңбай ауылынан Тассуатқа жолға шыққан азамат сол күйі хабарсыз кеткен еді. Арада екі күн өткен соң марқұмның "Митсубиси Паджеро" көлігі Нұра өзенінен табылды. Іздестіру жұмыстары бір айдан бері тоқтаусыз жалғасты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript