Жаңалықтар тізбегі
0

Сәтбаевтағы тәртіпсіздікке айыпталғандар прокурормен келісімге келді

jur24pro.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2021 17:47 jur24pro.ru
Бұл іс бойынша барлығы 57 адамға айып тағылған.

Былтыр шілдеде Сәтбаев қаласында болған төбелеске қатысты сотқа тартылған 55 айыпталушы прокурормен процессуальды келісімге келді. Бұл келісімге сай, сотқа тартылғандар айыппен, прокурор сұраған жазамен, дәлелдермен келісіп, үкімге шағым түсірмейді, деп жазады centralasian.org.

Сәтбаевтағы жанжал кішкентай қызды зорлады деген хабардан кейін шығып, ондаған адам зардап шеккен.

Прокурор жаппай бассыздықты ұйымдастырды және жұртты бассыздыққа шақырды деп айыпталғандарға түрме жазасын қалайды. Мемлекеттік айыптаушы тоғыз адамға үш жыл түрме жазасын, 44 айыпталушыға төрт жыл шартты жаза, екеуіне бір жарым жыл шартты жаза сұрады.

Прокурордың сөзінше, жаппай бассыздыққа қатысқандар Сәтпаевтағы полиция жұмысына кедергі келтіріп, жұрттың шырқын бұзған.

Бұған дейін айыпталушылар соттан өздерін қатаң жазалмауды сұраған. Ал адвокаттар судьядан "айыпталушылардың жүйкесі сыр бере бастағандықтан" істі тезірек аяқтауды сұраған.

Бұл іс бойынша барлығы 57 адамға айып тағылған. Екі адамға іздеу жарияланған. Олардың ісі бөлек тергеліп жатыр. Төрт адам "жаппай бассыздық ұйымдастырды" деп, екі адам "жаппай бассыздыққа шақырды" деп, 51 адам "төбелеске қатысты" деп айыпталған. 42 сотталушыға "билік өкіліне күш көрсетті" деген қосымша айып тағылған.

Сотқа таратылғандар арасында алты әйел, екі жасөспірім бар. 45 айыпталушы бірнеше айдан бері изоляторда отыр.

Сот үкімі қашан шығатыны белгісіз.

Былтыр 24 шілдеде Сәтбаев қаласында "62 жастағы ер адам кішкене қызды ұрлап әкетіп, зорлады" деген ақпараттан соң түнде жаппай тәртіпсіздік болған.

Жоғалып кеткен қыз 62 жастағы ер адамның үйінен табылған. Осыдан соң үйдің ауласына адамдар жиналып, ер адамды жазаламақ болды. Полиция күдікті адамды полицей формасын кигізіп, үйден алып кетті дегенді естіген ондаған адам бөлімшеге барып, ғимаратын қиратып, көліктерді өртеген. Тәртіпсіздік кезінде 60 адам – полицейлер мен қарапайым тұрғындар зардап шекеен.

Кейін 62 жастағы күдікті тергеу изоляторында асылып қалған. Полиция ол суицид жасады деген. Қазір екі тұрғын – ерлі-зайыпты “адам ұрлады”, “зорлады” және “жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады” деген күдікпен қамауда отыр. Бұл екі адамның соты жабық режимде өтіп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: