QazVac салдыртқан әйелдер жүкті болып жатыр
Depositphotos
Бастысы, енді дүниеге дені сау бөпелер келсе болғаны.
Бала көтере алмаған онға жуық келіншек вакцина салғызған соң, аяғы ауыр болғанын айтып, ғалымдарға алғысын жаудырыпты. Бірі дәрінің бір дозасын алып, тағы екеуі екпенің қос компонентін қабылдағаннан кейін бала көтергенін растаған. Сонда індетке қарсы препараттың осындай ерекше әсері бар ма? Әлде бұл жай ғана сәйкестік пе?
Алматы және Тараз қаласындағы онға жуық келіншек вакцинаны салдырған соң жүкті болған. Бірі 20 жылдан астам уақыт бала көтере алмай жүрген екен.
Күнсұлу Закарья, биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ бас директоры:
Ол мүмкін вакцинадан да болар. Ол басқа да жағдайлардан да болуы мүмкін. Дегенмен факт. Вакцинациядан кейін осындай тіркелгендеріміз бар.
Алайда, осы дерекке нақты екпенің қатысы бар я жоқтығын әзірге дәлелдеу қиын. Өйткені жүкті келіншектер клиникалық зерттеулерге қатыспайды. Қалай болғанда да, бастысы енді дүниеге дені сау бөпелер келсе болғаны.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript