Күн қатты ысиды. 17 мамырға арналған ауа-райы болжамы

Қызылорда облысында көп жағдайда өрт қаупі сақталады.
Синоптиктер 17 мамырға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.
Солтүстік-Батыс антициклон сақталып, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа-райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің солтүстігінде, орталығы мен шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен байланысты кей жерлерде найзағай жарқылдап, аздап жауын жауады. Республикамыздың кей жерлерінде қатты жел тұрады деп күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында таңертең және күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, желдің екпіні - 15-20 м / с, күндіз Түркістан облысында жел екпіні 25 м/с-ға дейін барады.
Қостанайда, күндіз Солтүстік Қазақстан облысы мен Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м / с-қа күшейеді деп күтіледі.
Жамбылда, күндіз Атырау облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м / с құрайды. Ақмола облысында кей жерлерде найзағай ойнайды.
Түстен кейін Ақмола, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда облысында көп жағдайда өрт қаупі сақталады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript