Алматы облысында қант өндірушілер бағаны өзара келісіп, көтерген

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті қант өндірумен және көтерме саудамен айналысатын субъектілер өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.
Кездесуге қатысушыларға қант өндірісі мен көтерме сауда нарығындағы биылғы жағдай туралы ақпарат берілді.
Атап айтқанда, Монополияға қарсы департамент талдау нәтижелері туралы хабарлады, оның қорытындылары бойынша "Көксу қант зауыты" ЖШС мен "Ақсу Қант" ЖШС-нің іс-әрекеттерінде ҚР ПК-нің 170-бабының - қантты алғашқы өндірушілері болып табылатын нарық субъектілерінің бағаға қатысты өзара келісімі әшкереленді.
Екі кәсіпорынға да бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілерін жою туралы хабарламалар жолданды. "Көксу қант зауыты" ЖШС департаменттің талабын орындады, қант сату құнын 1 келі үшін орташа есеппен 10 теңгеге арзандатылды, деп хабарлады монополияға қарсы департамент.
Алайда, "Ақсу Қант" ЖШС департаменттің талабын орындамады, оның негізінде кәсіпорынға қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды тергеу басталды.