Алматы облысында екі дәріхана "Ингавирин" бағасын асыра көтерген

aprfd.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2020 21:27 aprfd.kz
Дәріхананың бірінде "Ингавирин" препаратын 6500 теңгеге, екіншісінде – 8500 теңгеге сатқан.

ҚР Президенті Тоқаев Қ.К тапсырмасына сәйкес ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі дәрілік заттарды қымбаттатылған бағада сату фактілерін анықтау бойынша аумақтық рейдтік шараларды жүргізуде, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, Комитеттің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Іле және Талғар аудандарының ПБ қызметкерлерімен бірлесіп, облыстың екі дәріханасында (Бесагаш а., Өтеген Батыр а.) дәрілік препараттарды асыра көтеріңкі бағада сату фактілерін анықтады.

Дәріхананың бірінде "Ингавирин" препаратын 6500 теңгеге, екіншісінде – 8500 теңгеге сатқан. Алайда, дәрі-дәрмектің шекті бағасы 5640 теңгені құрайды.

Дәрілерге орнатылған бағаны заңсыз көтергені үшін дәріхана иеленушілеріне қатысты қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылатын болады. Сондай-ақ, өнімді тәркілеу және лицензияны қайтарып алу шаралары қарастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: