Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында бірқатар дүкендерге ішімдік сатуға тыйым салынды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2019 20:35 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Рұқсатнамасынан айырылған дүкендер түнгі мезгілде спирттік сусындар сатқан.

Алматы облысында Заңнама тәртібін бұзған 3 дүкеннің ішімдік сатуға арналған лицензиясы тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, Алматы облысының полицейлері ҚР ӘҚБк 200-бабына сәйкес түнгі уақытта немесе 21 жасқа дейінгі тұлғаларға алкогольдік өнімдерді саудалағаны үшін 40 астам сауда орнына қатысты хаттама толтырып, сот органдары арқылы 3 дүкеннің алкогольдік өнімдерді сату лицензиясын уақытша тоқтатқан.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, облыс көлемінде өткізілген "Профилактика" жедел алдын алу іс-шарасы барысында жүз елуге жуық көңіл көтеру орындары мен тәулік бойы қызмет ететін сауда орталықтарына рейдтік шаралар ұйымдастырды.

"Мас күйде жасалатын түрлі қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, әсіресе, жасөспірімдердер арасындағы қылмыстарды болдырмау мақсатында ұйымдастырылған арнайы шара барысында 400-ге жуық тәртіп бұзушылықты анықтадық. Іс-шара барысында түнгі мезгілде спирттік өнімдерді саудалағаны үшін сот органдары арқылы Қапшағай қаласындағы 3 дүкеннің алкоголь өнімдерін сатуға арналған лицензиясы уақытша тоқтатылды",- деп атап өтті полиция өкілдері.

Сонымен қатар, жасөспірімнің жеке-дара түнгі мезгілде қоғамдық орындарда жүруіне жол берген 134 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: