Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында 37 жүргізуші армениялық көлігін тіркеуге қойды

drive2.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2021 21:32 drive2.ru
Былтыр ҚР Үкіметі Армения елінен әкелінген көліктерді тіркеуге қою тәртібі мен мерзімін бекіткен болатын.

Алматы облысы Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, 2021 жылы 37 тұрғын Армения елінен әкелінген көліктерін мемлекеттік тіркеуге қойған. Шетелдік көліктерді заңдастырудың бірегей мүмкіндігін еліміздің көптеген азаматы пайдаланған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД ӘПБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 ақпандағы қаулысына сәйкес елімізге Армениядан әкелінген көліктерді тіркеуге қою мерзімі 2022 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімге ұзартылды. Шетелдік тіркеудегі көлігі бар тұрғындардан осы мүмкіндікті жібермей, тіркеуге тезірек қоюға шақырамын, деді Алматы облысы ПД ӘПБ Процессинг орталығының бастығы полиция подполковнигі Нұрболат Алтаев.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес былтыр ҚР Үкіметі Армения елінен әкелінген көліктерді тіркеуге қою тәртібі мен мерзімін бекіткен болатын. Дегенмен, жаһанды жайлаған Коронавирус індетіне байланысты мемлекеттік шекаралардың жабылуына және көліктерді сынақтан өткізу мекемелердің жұмысындағы өзгерістерге байланысты уақытша тіркеуге қою уақытына өзгертулер енгізіліп, ұзартылған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: