Алматы облысында армениялық көліктерді заң талабына сәйкес тіркеуге қоюдың тәртібі түсіндірілді
drom.ru
Бірегей акцияның аяқталу мерзімі 2021 жылдың наурыз айына дейін ұзартылғанын да автоәуесқойлар жақсы біледі.
Алматы облысының полиция қызметкерлері армениялық көліктерді заң талабына сәйкес тіркеуге қоюдың тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.
Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, Армения Республикасынан елімізге әкелінген көліктерді уақытша тіркеуге қою мәселесі біріздендірілген болатын. Бірегей акцияның аяқталу мерзімі 2021 жылдың наурыз айына дейін ұзартылғанын да автоәуесқойлар жақсы біледі.
"Еліміздегі қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқару тетігі, яғни рөлі оң жақта орналасқан автокөліктер тіркеуге қойылмайтыны анық. Осыған орай, Армениядан әкелінген осындай көлік иелеріне темір тұлпарларын техникалық талаптарға сай қылуға мүмкіндік берілді. Барлық қажетті процедуралардан кейін олар көліктерін Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 312 мекенжайында орналасқан "Алматы-Стандарт" ғылыми-зерттеу орталығы" ЖШС базасында сынақтан өткізіп, қауіпсіздік куәлігін алуы тиіс",- Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Серікжан Әбжанов.
Полиция өкілінің айтуынша, осындай куәлігі бар көлік еш қиындықсыз тіркеуге қойылады екен. Ал, көліктің қауіпсіздігін тексеріп, куәлік табыстайтын мекемелер еліміздің солтүстігінде Қостанай және Петропавл қалалары мен батысындағы Орал қаласында да бар.
"Осы талапты орындаған 29 көлікті тіркеуге қойдық. Ұтымды сәтті пайдаланып, армениялық тіркеудегі көлігі бар тұрғындарды осы мүмкіндікті пайдаланып, көліктерін заңдастырып алуға шақырамын",- деді полиция полковнигі Серікжан Әбжанов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript