Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы Қытай консулдығы алдындағы наразылыққа 100 күн болды

Manas Kaiyrtaiuly (RFE/RL), сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2021 22:51 Manas Kaiyrtaiuly (RFE/RL)
Сейсенбі күні де ол жаққа оннан астам адам жиналып, акция өткізді.

Шыңжаңдағы туыстарын қайтаруды талап етіп, Алматыдағы Қытай консулдығы маңында наразылық өткізіп жүрген тұрғындардың акциясына 18 мамырда 100 күн толды, деп жазады centralasian.org.

Сейсенбі күні де ол жаққа оннан астам адам жиналып, акция өткізді. Бұл жолы акцияға өзге де ақпарат құралдары мен саяси күштердің назар аудара бастағаны байқалды. Наразыларды полиция әдеттегідей консулдық жаққа қарай өткізбеді, олар талаптарын сол маңда айтты.

– Қытай бізге жауап берсін. Біздің әрекетіміз - заңсыз емес, Қытайдыкы – заңсыз. Қытай жауыздық жасап отыр: менің әкемді өлтірді, одан бөлек шешем мен екі інімді күні бүгінге дейін барымталап отыр. Қытай үкіметіне айтарым, менің отбасымды жібер. Туыстарымды жібермейнше, акцияны тоқтатпаймын. Әкемді өлтірген олар менің шешем мен інімді өлтіреді. Күні бүгінге дейін олардан хабар жоқ. Мен акцияны қалай тоқтатамын? Менде бұдан басқа амал жоқ. Мен не істеуім керек? Маған жол көрсетсін, кепілдік берсін! Әкемнің мәйітін бермей, сүйегін түрменің ішінде көміп тастаса, қалған үш адамды барымталап отырса, бізде басқа қандай жол бар? – деді ашынған Ақиқат Қалиолла.

Наразылардың акциясын тіркелмеген Қазақстанның демократиялық партиясының мүшесі Абзал Достияров бастаған бірді-екілі адам қолдап келді. Онда Азаттықтан бөлек өзге де ақпарат құралдары бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: